Әлеуметтік желіде Ақтау әуежайының автотұрағында оқиға куәгерлері түсірген төбелестің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарияланған кадрларда бәрі жабылып бір адамды соққыға жыққаны көрінеді.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның 23 маусымда болғанын нақтылады, бірақ оқиғаның кадрлары енді ғана интернетте пайда болды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелеске қатысы бар деген күдіктінің барлығы анықталып, жауапқа тартылған.
"Олардың үшеуінің үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары жақын арада сотқа жіберіледі", – деп хабарлады полициядан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу