Ақтаудағы ауруханада науқас екінші қабаттан құлады

705

Ақтау қаласындағы облыстық ауруханасында екінші қабаттың биіктігінен құлаған науқас зардап шекті.  

Ақтаудағы ауруханада науқас екінші қабаттан құлады Фото: inbusiness.kz

Ер адам травматология бөлімшесінің есігін сындырып, төмен қарай секірген. Оқиға бүгін, таңғы сағат 7-де болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Дәрігерлер науқастың мұндай әрекетін алкогольдік интоксикациядан туындаған галлюцинациядан болуы мүмкін деп санайды.

Емделушінің шынтағына операция жасалуы қажет болған.

"1969 жылы туған науқас 6 наурызда шынтақ буынының шығуымен келді. Шұғыл түрде анестезиямен дислокацияны түзету жүргізілді. Шынтақтың бүйірлік байламдарының жыртылуын ескере отырып, науқасқа ісік басылғаннан кейін операция жасау жоспарланған. Науқас алкогольдік ішімдіктен бас тартпаған", - делінеді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының хабарламасында.

Қазір зардап шеккен науқастың жағдайы тұрақты ауыр, ол реанимация бөлімінде жатыр. Құлаған кезде ер адам оң жамбасын сындырған. Құзырлы орган ауруханадағы дерек бойынша тергеу жүргізуді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу