Ақтаудағы авиациялық базаға 12 жыл

590

Ақтау қаласындағы әскери-әуе күштері авиабазасының құрылғанына 12 жыл толды.

Ақтаудағы авиациялық базаға 12 жыл Фото: Ақтау гарнизоны

Аэродромда авиабазаның жеке құрамының Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлерінің, әскери қызметшілер отбасы мүшелерінің, әкімдік өкілдерінің және қонақтардың қатысуымен салтанатты шара өтті. 

Шараға Қарулы Күштер мен авиациялық базаның ардагерлері, сондай-ақ 30153 әскери бөлімінің бірінші комендатура бастығы запастағы подполковник Александр Титов келді. 

Әскери бөлімнің бірінші комендатура бастығы запастағы подполковник Александр Титов ұшқыштардың салтанатты күнімен құттықтады. Ол әскери қызметшілерге тапсырмаларды сәтті орындағаны үшін алғыс айтып, Ақтау авиациялық базасына апатсыз ұшу жұмысын және әскери-әуе күштеріндегі алдыңғы қатарлы бөлімдердің бірі болуын тіледі.

Ақтау гарнизонының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес, 2011 жылғы 25 мамырда Ақтау қаласында 30153 әскери бөлімі, авиациялық база құрылды. Ол қысқа уақыт ішінде Қазақстан Республикасының батысында әуе кеңістігін қорғау бойынша жауынгерлік кезекшілікті атқаруға кірісті.

“Ақтау авиабазасы тәулік бойы кезекшілікте болады. Әртүрлі оқу-жаттығуларға үнемі қатысады. Ал қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару іс-шараларына тартылады. Ол аумақты және өңірдің маңызды нысандарын ауадан қорғауды қамтамасыз етеді”, - деді әскери бөлімнің командирі Медет Аскетаев.

Іс-шара авиациялық базаның жеке құрамын алғыс хаттармен марапаттаумен және кезекті әскери атақтар берумен, сондай-ақ көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасымен және қонақтар мен әскери қызметшілерге арналған спорттық мерекемен аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу