Ақтаудағы банк ғимаратында атыс болды

211

Жазбаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

Ақтаудағы банк ғимаратында атыс болды Фото: mangystaumedia.kz

Бүгін әлеуметтік желіде 42 жастағы инкассатор 10 млн теңгені ұрлап, банк жертөлесіне жасырынып өзін атқан деген хабарлама тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жазбаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

“Ақтау полиция басқармасы ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, - делінген полицияның баспасөз баянында.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу