Ақтаудағы "Бриз" яхта клубында заңбұзушылықтар жойылды

418

Яхта клубы шағын көлемді кемелерді әртүрлі бағамен жалға берген.    

Ақтаудағы "Бриз" яхта клубында заңбұзушылықтар жойылды Фото: inbusiness.kz

2022 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облыстық монополияға қарсы департамент "Бриз" яхта клубы жалғыз монополист ретінде өз позициясын теріс пайдаланғанын анықтады. Олар шағын көлемді кемелерге айлақты әртүрлі бағамен жалға берген болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Сонымен қатар, яхта клубы мемлекеттік органдардың функцияларын заңсыз пайдалана отырып, кеме иелері мен олардың тұтынушылары арасындағы құқықтық қатынастарға араласып, кәсіпкерлерге жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге тыйым салып және рұқсат беріп отырған", - деп хабарлады құзырлы орган өкілдері.

Яхта клубының өкілдері басында бұл айыптаулармен үзілді-кесілді келіспеді. Олар жалға алушылармен екі түрлі шарт жасалатынын мәлімдеді. Біріншісі, яхта клубы аумағында коммерциялық қызметпен айналысу құқығын беру, екінші, мұндай құқық алмағандарға жалдау құны әр түрлі болатыны туралы келісім.

Дәлірек айтсақ, егер кеме иесі коммерциялық қызметпен айналыспай, өзі үшін демалуға келісімшарт жасаса, онда яхта клубына тиесілі айлақта жолаушыларды отырғызып, түсіруге құқығы болмаған. Шартқа сәйкес, тек кемені сумен толтыру, аккумуляторларды зарядтау, кемеге қажетті заттарды тиеу және қоқыс шығаруға мүмкіндік берілген.

Яхта клуб қожайындары кемелерден түсетін төлемдер теңіз инфрақұрылымы мен спортты дамытуға бағытталғанын алға тартты. Бұл дерекке қатысты құзырлы орган монополияға қарсы әрекет ету актісінің екеуін енгізді.

Қазір талап толық орындалып, заңбұзушылықтар жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу