Ақтаудағы "Caspi Bitum" зауытына тексеріс басталады

601

Қостанайлық бір топ мердігердің арызынан соң "Caspi Bitum" зауыты тексеріледі. Оны Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша Экономикалық тергеу департаменттері жүргізбек, деп хабарлайды inbsuiness.kz.

Ақтаудағы "Caspi Bitum" зауытына тексеріс басталады

Битум тапшылығынан зауыт өнімін Қостанай облысына жеткізуде қиындық туындаған. Салдарынан астықты өңірдегі 500 шақырымға жуық жолды жөндеуге кедергі келіп отыр. Қостанай облысының битумға деген қажеттілігі жыл соңына дейін 43 мың тоннаны құрайды. Соны ескермеген өндіріс ошағы мен қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары битумды экспортқа шығарып жатыр делінеді арызда.

Қостанай өңірі мердігерлерінің ұжымдық өтініші негізінде "Қаражанбасмұнай" АҚ еншілес компаниясы "Caspi Bitum" ЖШС тексеру жуық арада басталмақ.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу