Елдің ыстық ықыласына риза көңілін білдірген Димаш маңғыстаулықтарды жерлестерім деп атады.
– "Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ақсақал тұрып сәлем береді" деген атаулы сөзді жадына тоқыған халқым, ақтаулықтарым, жерлестерім, сый құрметтеріңізге, махаббаттарыңызға мың мәрте алғыс! Өздеріңізге басымды иемін! – деді ол.
Жиналған жұрт Димаштың өнерін жоғары бағалады. Теңіз жағасында шырқалып жатқан әндер майда самалмен бірге тербеліп, тыңдарман жүрегіне жол тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу