Ақтаудағы екі білім ордасы Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне енді

982

Ақтау қаласының 2 мектебі 2021 жылы PISA халықаралық зерттеуіне қатысып, нәтижесінде Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне енді.  

Ақтаудағы екі білім ордасы Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне енді

Былтыр қараша айында Қазақстанда апробациялық зерттеу жүргізілді, оған 200 мектеп, оның ішінде Ақтау қаласының да білім ошақтары қатысты. Нәтижесінде, мамандандырылған IT-лицей бірінші орынға ие болса, №9 орта мектеп Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне қосылды. 

"Лицей педагогтері бастауыш мектептен бастап барлық оқу пәндері бойынша сабақтарда РІЅА тапсырмаларын қолданады. Сондай-ақ YouTube-арнасында "Математиканы білсең-креативті ойлайсың!" лицей бетшесі ашылуға дайындалуда", – дейді мектеп басшылығы.

PBTS (PISA-Based Test for Schools) – ЭЫДҰ PISA негізінде әзірлеген халықаралық салыстырмалы зерттеу. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы, PBTS мақсаты- оқушыларға мектеп деңгейі бойынша сыртқы бағалауды жүргізуге мүмкіндік беру.

Тестілеу қорытындысы бойынша әрбір мектеп PISA зерттеуіне қатысқан еліміздің және әлемнің басқа мектептерімен салыстырғанда 15 жастағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейі туралы жеке талдамалық есеп алады.

Биыл Қазақстанда PBTS зерттеуіне қатысуға республиканың барлық өңірлерінен 1 000-ға жуық мектеп ниет білдірді. Оның ішінде Маңғыстау облысының білім ордалары да бар.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу