Ақтаудағы "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болды

155

Бұл туралы  "КазАзот" компаниясы ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтаудағы "ҚазАзот" компаниясында төтенше жағдай болды Фото: АО "КазАзот"

– 2025 жылғы 18 шілдеде "КазАзот" АҚ аумағында төтенше жағдай болып, соның салдарынан компания қызметкерлері зардап шекті. Бұл – біз үшін өте ауыр жағдай. "КазАзот" АҚ зардап шеккен қызметкерлер мен олардың жақындарына шын жүректен көңіл айтып, жанашырлық пен қолдау білдіреді. Оқиға болғаннан алғашқы сағаттардан бастап, компания жедел түрде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдады. "КазАзот" АҚ бастамасымен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының бас реаниматологы мен күйік жарақаттары бойынша жетекші маман шақыртылды. Барлық медициналық шығын кәсіпорын есебінен толық өтеледі, – делінген хабарламада.

Компания зардап шеккен қызметкерлердің отбасы мүшелерімен және дәрігерлермен тұрақты байланыста болып, науқастардың тезірек сауығып, жұмысқа қайта оралуы үшін бар жағдайды жасайтынын хабарлады.

Сонымен қатар компания оқиға туралы құзырлы органдарға жедел хабарлағанын жеткізді. Қазір осы оқиғаға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу