Ақтауда қоғамдық дәретханалардағы жағдай жұртты шошытты

294

Өңірде дәретхана тазалайтын клининг қызметкерлері тапшы. 

Ақтауда қоғамдық дәретханалардағы жағдай жұртты шошытты Фото: lada.kz

Ақтау қаласы әкімдігінің мамандары қоғамдық дәретханаларға қатысты адамшошырлық кадрларды жариялады. Жауаптылардың айтуынша, оларға мұндай видеоны күн сайын қоғамдық дәретханаларды тазалайтын клининг қызметкерлері жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдері дәретхана тазалайтын қызметкерлерді табу күн өткен сайын қиындап жатқанын айтады.

"Жергілікті бюджет есебінен дәретханаларға тапсырыс бердік, орнаттық. Халық үшін бәрін жасаймыз. Олар арзан тұрмайды. Мысалы, бір орам қағаз 2-3 келушіге ғана жетеді. Ол ысыраппен қолданылады. Аяқ киім тазалайды, жай ғана жыртады, дәретханаларды бітеп тастайды. Айналаның бәріне нәжіс жағылғанын көргенде, мұндай жағдайда кім жұмыс істегісі келеді? Ең қорқыныштысы, бұл бір жағдай емес. 12 қоғамдық дәретхананың бәрінде осындай оқиға! Ақтау тұрғындары мен қонақтары, саналы болыңыздар. Есіңізде болсын, бұл дәретханаға әйелдер, балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар кіреді. Суды, қағазды пайдаланғанда ысырапқа жол бермейік, оны дәретханаға тастамайық. Бір-біріміздің жайлы демалуымыз үшін жағдай жасайық", - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жақыпов.

Әкімдік өкілдері күніне екі рет тазалағаннан кейінгі қоғамдық дәретханалардың суреттерін де ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу