Ақтаудағы концерттен кейін халық алаңды жинап кетті

4555

Қаланың коммуналдық қызметкерлері көмектескен тұрғындарға дән риза.

Ақтаудағы концерттен кейін халық алаңды жинап кетті Фото: Бейнежазбадан

Ақтаудағы "Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы" салтанатты шарасынан кейін қала тұрғындары ауызбіршілік танытып, концерт өткен алаң мен жағалау маңын тазалап кетті деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дүбірі жер жарған шараға 100 мыңнан астам көрермен жиналған болатын. Тойдың ауқымдылығы соншалық алаңда ине шаншыр орын болмаған еді. Концерт аяқталысымен ақтаулықтар көпке үлгі көрсетіп, коммуналдық қызметкерлерге алаңды тазалауға көмектесті.

Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметінше, концерттен кейін 50 тонна, қоқыс жиналыпты. Оған120 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу