Ақтаудағы ММА турниріне Хабиб Нурмагомедов келді

772

16 шілдеде Ақтауда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтаудағы ММА турниріне Хабиб Нурмагомедов келді

Ашық аспан астында өткен турнирге 15 мыңнан астам көрермен жиналды. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов, Қазақстан Республикасының ММА, панкратион және грэпплинг аралас жекпе-жек федерациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындық Мекеев, Naiza Лигасының президенті Нұрбек Қарабала, EAGLE FC Лигасының президенті Шамиль Завуров, UFC күресшісі Шавхат Рахмонов қатысты.

Турнирге әлемнің жеті елінен 32 спортшы қатысып, 16 жекпе-жек өткізді.

Басты жекпе-жекте ресейлік Гамзат Хирамагомедов пен EAGLE FC уақытша белдігі үшін күрескен қазақстандық спортшы Дәурен Ермеков кездесті. Екінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.

"Маңғыстау халқына сәлем жолдаймын. Турнирді көруге келген ондаған мың адамның арасында болғаныма өте қуаныштымын. Сіздердің араларыңызда турнирді көргеннен кейін осы спорт түріне келетін және өз күш-жігерінің арқасында 10 жылдан кейін аңызға айналатын жастар көп. Мұндай жарыстарды жиі өткізіп, жастарымызды тарту керек деп санаймын. Мен неге біздікі дегенді айтамын? Себебі Қазақстан маған туған жерімдей ыстық, мұнда дағыстандық үлкен диаспора бар. Маңғыстаулықтардың қонақжайлығы үшін алғысымды білдіремін", – деп атап өтті өз сөзінде әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу