Ақтаудағы өрт салдарынан 100 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

1209

Оның 22-сі бала.  

Ақтаудағы өрт салдарынан 100 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді

Ақтауда "Флоренция" тұрғын үй кешенінен 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Жанабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бүгін сағат 15:08-де Ақтаудағы 17 шағын ауданда "Флоренция" тұрғын үй кешенінің шатыры жанып жатқаны туралы шақырту түскен.

"Оқиға орнына келген кезде жалпы ауданы 5 244 шаршы метр болатын шатырдың 500 шаршы метрі жанғаны анықталды. Қазір мамандар өртті сөндіріп жатыр. Өртті сөндіруге 80 қызметкер, 17 техника жұмырылдырылды. Сондай-ақ өрт кезінде тұрғын үйден 100 адам, 20 бала қауіпсіз жерге көшірілді", – деді Нұрлан Жанабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу