Ақтаудағы өрттен екі өзбекстандықтың денесін 70% күйік шалған

347

Дөңгелек ауыстыру орталығында өрттен зардап шеккен Өзбекстанның екі азаматы аса ауыр халде жатыр.  

Ақтаудағы өрттен екі өзбекстандықтың денесін 70% күйік шалған Фото: instagram/mangystau_tjd

24 және 33 жастағы азаматтар ауруханаға жеткізілген еді. Бірінің денесін 70%, ал екіншісінің 60% күйік шалған. Олардың беті, кеуде тұсы мен екі қол-аяғын өрт шалған. Тыныс алу мүшелері де зақымданған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

“Екеуіне де 2-3 дәрежелі күйік деген диагноз қойдық. Екі науқас та жансақтау бөлімінде жатыр. Аппарат арқылы демалады. Жағдайлары өте ауыр. Телемедицина арқылы Алматы, Астанадан консультация аламыз”,- дейді облыстық аурухананың дәрігері Самалбек Жұмағұлов.

Айта кетейік, өрт кеше сағат 21:40-та 28А шағын ауданындағы дөңгелек жөндеу орталығында болған. Құтқарушылар 42 шаршы метр аумақта автомобиль дөңгелектерінің өртенгенін анықтады. Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 12 адамы және 3 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер көлемі 40 литр болатын екі газ баллонын сыртқа шығарды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу