Ақтаудағы перзентхана дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады

557

Маңғыстау тұрғындары аниматорлар мен музыканттарды жалдап, жаңа туған нәрестені перзентханадан шығару сәтін шоуға айналдырған.  

Ақтаудағы перзентхана дәрігерлері тұрғындарға үндеу жасады Фото: Перзентхана әкімшілігі

Дәрігерлер жас аналардың туыстарына әлеуметтік желілерде үндеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Перинаталдық орталықтың дәрігерлері шулы мерекелер дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіретінін және балалары реанимацияда өмір сүру үшін күресіп жатқан әйелдерге моральдық соққы болатынын атап өтті. Осылайша  Ақтау қаласында орналасқан Ана мен бала орталығының әкімшілігі перзентханадан  нәрестелердің асқан шоумен шығарылуына қарсы шықты.

"Күн сайын сағат 14: 00-ден бастап кешке дейін біз перинаталдық орталықтың терезелерінен музыканттар, аниматорлар және қымбат көліктер қатысатын нағыз шоу-бағдарламаларды көреміз. Кейбірі көпшіліктің көмегімен перзентханадан шығаруды қажет деп санайды. Халық пен аниматорларға қанша ескертсек те, сөзімізге құлақ асар емес. Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқан сәбиге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, осылай істейді.

Перзентхана ойын - сауық орны емес. Мұнда тек қуанышты оқиғалар ғана емес, реанимация бөлімінде салмағы 500-700 грамм болатын жаңа туған балалар өмір үшін күреседі. Олар үшін аналары алаңдайды. Аналар да, балалар да тыныштықты қажет етеді. Шулы жағдай медицина ​ қызметкерлерінің​ жұмыстарына да ​ кедергі келтіруде", дейді дәрігерлер. 

Медициналық мекеменің әкімшілігі тұрғындарды өзара түсіністікке шақырады. 

"Жас босанған ананы шығарып алуға ең жақын туыстары, екі- үш адам келсе жеткілікті, - деп қорытындылады мекеме қызметкерлері.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу