Ақтаудағы полиция қызметкерін өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

744

27 жастағы күдіктіге сот шешімі шықты.

Ақтаудағы полиция қызметкерін өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу соты полиция қызметкерін өлтірген күдіктіге қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішін қарады.

"Тергеу сотының шешімімен бұл өтініш қанағаттандырылды. Күдікті Ж-ға қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, Ақтауда полиция қызметкерін өлтіру дерегі 3 тамызға қараған түні тіркелді. Маңғыстау облысының полиция департаменті тәртіп сақшысының қаза тапқанын растады. 26 жастағы жігіт мойын тұсынан алған пышақ жарақатынан ес жимай, облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті із суытпай табылды.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде қаза тапқан полицей мен күдіктінің суреттері, құжаттары пайда болды. Марқұмның Ақтау ҚПБ ЖПҚ ювеналды полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болғандығы айтылуда. Құқық қорғау саласында 2016 жылдан бастап жұмыс істеген. 22 шілдеден бастап еңбек демалысында болғаны белгілі.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу