Ақтаудағы порт халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiнен айырылды

1177

 Енді ол "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ болып аталады.

Ақтаудағы порт халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiнен айырылды Фото: kazpravda.kz

"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ "Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ болып аталатын болды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің "Әділет" сайтында жарияланды.

"Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 307-құжат) күші жойылды деп танылсын", - делінген құжатта.

Құжат 3 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Ақтау порты арқылы тауарлар мен көлікті транзиттеу негізінен Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға, Қытайға және Моңғолияға жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу