Ақтаудағы терроризмге қарсы жедел штаб үндеу жасады

178

Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді. 

Ақтаудағы терроризмге қарсы жедел штаб үндеу жасады Фото: gov.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Теңіз жедел штабы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"8 қарашада Каспий теңізінің континенттік қайраңында (жағалаудан 25-27 шақырым) авиацияны пайдалана отырып, теңіз кемесінде лаңкестік оқиғаларға қарсы күрес бойынша шұғыл әрекет етуді көздейтін оқу-жаттығу шарасы жоспарланған", – делінген хабарламада.

Штабта түсіндірілгендей, маневрлер барысында мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерінің катерлерін суға түсіру элементтері машықтанады.

"Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, оған қатысты мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу