Ақтаудағы тойға 100 мыңға жуық халық жиналды

2639

Ақтаудағы "Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" халықаралық шараның ашылу салтанатына 100 мыңға жуық көрермен жиналды.

Ақтаудағы тойға 100 мыңға жуық халық жиналды Фото: Ақтау әкімдігі

Әу баста 50 мың ғана көрермен жиналады деп жоспарланған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиналған жұрт бір мезгілде аспанға көтерілген 600 дронның жасаған шоуын тамашалады.

Сонымен қатар, көкте түрлі түсті бейнелер бейнеленген көріністер көрсетілді. "Ақтау-2025 түркі әлемінің астанасы" деген жазу жазылып, Қазақстанның Мемлекеттік Туы бейнеленді.

Дүбірі жер жарған шараға алыс жақыннан келген өнер жұлдыздары да бар.

Мәселен, концертте сахнаның сәнін келтірген Әзербайжанның атақты әншісі Роза Зергерли Istedim әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу