Ақтаудағы трансформатор зауытының өнімі Түркіменстанға экспортталады

1117

Ақтаудағы трансформатор зауытының өнімі Түркіменстанға экспортталады

Ақтаудағы трансформатор зауыты экспорт аясын кеңейтпек. Ендігі шығаратын өнімінің 50 пайызы көршілес Түрікменстанға жөнелтіледі, деп хабарлайды 24.kz.

2 млрд теңге инвестор қаражатына салынған өндіріс орны жылына 6 млрд теңгенің тауарын әзірлейді. Басты артықшылығы электрлі қалқанша жабдықтары мен трансформаторлар жасауға қажет шикізат отандық өндірушілерден жеткізіледі.

"Үдемелі Индустриялдық-Инновациялық даму" бағдарламасы аясында жұмыс қарқынын арттыруға көшкен кәсіпорын болып отыр. Өнімнің 96 пайызы қазақстандық үлес. Вакуммді қосқыштары Кентау қаласында шығады. Металды Теміртау қаласынан алады. Микропроцессорлық қорғанышты Алматы қаласынан алдырып отыр. Амперметрлер, ауыстырып-қосқыштар өзіміздің шығарып жатқан отандық өнімдеріміз.

Қала іргесіндегі зауыт үш жылда қалыптасты. Кернеуі 10-20-35-110 киловольттік трансформаторлар, аралық станциялар мен қосалқы бөлшектерді әзірлейді. Өнімі халықаралық талаптарға сай. Құрылыстың барлық бағытында қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу