Таңертең Ақтау маңында Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 69 адам болған. Олардың арасында қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әзербайжандық Minval.az ақпараттық порталы бүгінгі әуе апатына қатысты ақпаратты жедел таратып жатыр. Таралып жатқан ақпараттың көбінде Қазақстанның ресми органдары мен БАҚ-қа сілтеме жасалған.
– Қазақстандық құтқару қызметі мен дәрігерлердің жоғары кәсібилігіне ерекше назар аудару қажет. Барлық жұмыс жедел жүргізіліп жатыр. Қазақстандықтар жаппай қан тапсырып жатыр. Олардың күш-жігері үшін алғыс айтамыз. Рақымет, Қазақстан, – делінген желідегі хабарламада.