Маңғыстау облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 желтоқсан күні сағат 10:58-де 1-ші санатты жедел жәрдем шақыру түскен. Оқиға орнына 22 жедел жәрдем бригадасы және Орталық медициналық орталықтан (апаттар медицинасы орталығы) 6 бригада жөнелтілген.
"Облыстық көпсалалы ауруханада 30 хирургиялық және травматологиялық төсек, сондай-ақ 10 реанимациялық төсек дайындалды. Облыстық балалар ауруханасы 20 төсек-орын және 10 реанимациялық төсек дайындады. Қазіргі уақытта 14 зардап шегушінің 5-і ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 11 жасар бала балалар ауруханасына жатқызылды, ол жедел жәрдем деңгейінде тексерілуде. Жедел-жәрдем көлігімен тағы 16 жастағы бір баланы әкеле жатыр", – деп жауап берді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілі.