Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты тергеудің алдын ала нәтижесі келесі аптада шығады

211

Қазір қара жәшіктердегі аудиожазба зерттеліп жатыр.

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты тергеудің алдын ала нәтижесі келесі аптада шығады Фото: ТЖМ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты тергеудің алдын ала нәтижесі келесі аптада жарияланатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біріншіден, әлеуметтік көмек көрсетілді. Әрбір отбасыға тиісті сома төленді. Әрі қарай демеушілердің арқасында келесі аптада тағы бір ол кісілерге (ред. – қаза тапқандардың отбасыларына) тиісті көмек көрсетілетін болады. Қазір тергеу амалдары қарқынды дүріп жатыр. Көлік министрлігінде арнайы топ бар. Оның ішінде Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның, Бразилияның сарапшылары бар. Нидерландыдан бір сарапшы қосылып отыр. Олар қара жәшіктердегі аудиожазбаны қарап жатыр. Сондай-ақ ұшақтың ұшу режимін сәйкестендіріп жатыр. Әрине, бұл біраз жұмыс. Өйткені адамдардың дауыстарын дәлелдеу үшін тексеру жүргізеді. Кім, қай секундта не айтқанын, кім қандай команда бергенін дегендей", – деді Қанат Бозымбаев тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның сөзінше, бұл жұмыстар келесі аптада аяқталуы мүмкін.

"ИКАО-ның талаптарына сәйкес, бір ай ішінде алдын ала тергеу жұмыстарын жариялау керек. Сол ұсынымға сүйенсек, келесі аптада біздің Көлік министрлігі тиісті ақпаратты жариялайтын болады", – деді Премьер-министрдің орынбасары Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу