Euronews: Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған

322

Бұл туралы Euronews басылымы Әзербайжан Үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Euronews: Ақтаудағы ұшақ апатына ресейлік зымыран себеп болған Фото: azertag.az

Ондағы мәлімет бойынша, Әзербайжаннан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Грозныйға жеткенде Украина дрондары қаланы шабуылдап жатқан. Сол сәтте дрондарды атып түсіруге ұшырылған зымыранның жарқыншақтары ұшаққа тиіп, оны зақымдаған болуы мүмкін.

Оның үстіне жолаушылар ұшағына Ресейдің ешбір әуежайы қонуға рұқсат бермеген. Сосын ұшақ Каспий теңізі арқылы Ақтау қаласына бет алған.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінде ұшу кезінде қатып қалған", – деп жазады басылым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу