Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Оқиға орнына жедел медициналық комиссиялар дайындап, травматолог, нейрохирург дәрігерлерін жібердік. Біз барлық көмек түрлерін көрсетеміз, қажет болған жағдайда көлікпен қамтамасыз етеміз. Әзірге аман қалған алты адам белгілі, олардың жағдайы өте ауыр", – деді министр
Айта кетейік, Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Төтенше жағдай қызметкерлері өртті толық сөндірді. Оқиға орнына ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері мен психологтары жұмыс істеуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу