Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік бір жыл өткен соң жұмысына оралды

385

Ұшақ апатына 1 жыл толды.  

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік бір жыл өткен соң жұмысына оралды Фото: media.az

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатынан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли араға бір жыл салып өз жұмысына қайта оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қасілтеме жасап.

AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында тиісті ақпарат пайда болды. 

"Кейде сөздер арқылы бәрін жеткізу мүмкін емес, бірақ өмір жалғасып жатыр. J2-8243 Баку-Грозный рейсі Айдан Рагимлидің есінде жатталып қалатын сәт болды. Бүгінде ол бастан өткергенін санасында сақтап, өмірдің жалғасатынын түсініп отыр. Ол өз жұмысын кәсібилікпен әрі жауапкершілікпен атқарады", – деп жазылған бейнероликте.

Апат кезінде аман қалған бортсерік Айдан Рагимли Әзербайжанның ең жоғары мемлекеттік наградасының бірі  – бірінші дәрежелі "Рашадат" орденімен марапатталған болатын.

Өткен жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында AZAL компаниясының Бакудан Грозныйға ұшып шыққан рейсі апатқа ұшырады. Әуе бортында 67 адам болған, оның ішінде бесеуі – экипаж мүшесі. Қайғылы оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтау маңында AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандарға ескерткіш қойылғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу