Ақтаудағы жаппай төбелес: 6 жасөспірім ұсталды

353

Полиция басқармасына 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам жеткізілген.

Ақтаудағы жаппай төбелес: 6 жасөспірім ұсталды Фото: видео скриншот

Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелес ұйымдастырған. Алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бір топ жасөспірімнің бұзақылық әрекеттері, атап айтқанда, құқық бұзушылардың бір-біріне тас пен бөтелке лақтыру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жасағы шығып, Ақтау Полиция басқармасына 15 пен 18 жас аралығындағы 76 адам жеткізілді. 56 кәмелетке толмаған баланың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды ("Сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың көшеде жүруі"). Сондай-ақ, ҚР ҚК-ның 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды, алты жасөспірім уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", деп хабарлады облыстық ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу