Ақтауда спортшы қыздың өліміне себепші болған адам өмір бойына сотталды

297

Маңғыстау облысының Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Алина Серікованың өліміне күдікті 5 адамға қатысты жазаның мерзімін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтауда спортшы қыздың өліміне себепші болған адам өмір бойына сотталды Фото: stan.kz

Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың мамыр айында күдіктілер 29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина Серікованы көшеден ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған. 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны алған соң босатып жіберген. Кейін жәбірленуші көрген қорлығына шыдамай 9-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп, көз жұмды.

Бастапқыда бірінші сатыдағы сот айыпталушыларды ұзақ мерзімге түрмеге қамауға шешім шығарды. Алайда, марқұмның жақындары үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.

Сот үкімі бойынша басты айыпталушы Нұргелді Сейтқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Басқалары: Еркебұлан Аманқос – 16 жылға, Аралбай Мерей, Жалғас Өсенғалиев және Дархан Құлбастар – 13 жылға сотталды.

Сот марқұмның отбасына 19 миллион теңгеден астам материалдық шығын және 30 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді.

Сот отырысына алғаш рет Алина Серікованың ата-анасы кіргізілді. Олар сот шешімі жарияланғаннан кейін көз жасын тыя алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу