Ақтаудағы жекеменшік балабақшада 2 жасар бүлдіршін күйіп қалған

301

Енді тәрбиешілер жауапкершілікке тартылмақ.

Ақтаудағы жекеменшік балабақшада 2 жасар бүлдіршін күйіп қалған Фото: google.com

Ақтаудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 2 жас 3 айлық қыз ыстық суға күйіп қалған. Баланың ата-анасының айтуынша, тәрбиешілер жуындырып жатып күйдіріп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты InAktau басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 26 желтоқсанда болған.

"Сағат 16: 00-де "Bala Land" балабақшасының меңгерушісі қоңырау шалып, менің баламды жуындырған кезде аздап күйіп қалғанын айтты. Сағат 18:00-де жұбайым баланы алып кетуге келді, қызымды көріп шошып кеткен. Белге дейін бұты, сол аяғы күйіп, терісіне көпіршіктер шығып кеткен. Сағат 19:00-де үйге  жедел жәрдем шақырдық. Оны балалар ауруханасына алып кетті”, – дейді ана.

Травматолог көпіршіктерді алып тастап, үйге қайтарған. Қызда II дәрежелі термиялық күйік болды. Ата-ана полицияға арыз жазған, олар кінәлілердің жауапқа тартылғанын талап етеді. 

Қалалық білім басқармасы аталған балабақша жеке меншік екенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта балабақша басшылығына тиісті шаралар қабылдау туралы ескерту берілді. Директордың ақпараты бойынша ұжыммен түсіндірме әңгіме өткізілді. Сондай-ақ тиісті тәртіптік шараларды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу