Ақтаудағы жолдарды күтіп ұстауға 3 млрд теңге жұмсалмақ

865

Ақтау қалалық әкімдігі "Строй Инвест 2020 компаниясы" ЖШС-мен шарт жасасты. Бұл компания жол белгілерін ауыстыру, шұңқырларды жөндеу, жол белгілерін бояу жұмыстармен айналысады.  

Ақтаудағы жолдарды күтіп ұстауға 3 млрд теңге жұмсалмақ Фото: lada.kz

Ақтау автомобиль жолдарын күтіп ұстауға арналған тендерді "Строй Инвест 2020 компаниясы" ЖШС жеңіп алды. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен  2,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Келісімшарт 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді. Қазіргі уақытта қала бойынша шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол белгілерін ауыстыру, сырлау, нөсер құрылғыларын орнату және жөндеу жұмыстары қолға алынды. Үш мың шаршы метрден астам жол жабыны жөнделді. Жол белгілерін сырлау жұмыстары орталық және қиылыс автожолдарда жүргізілуде", - деп хабарлады Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.

Бұған дейін Ақтау қаласының тұрғындары бірнеше рет жолдардағы шұңқырларға шағымданып келген.                                        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу