Ақтаудан Анталияға ұшуға тиіс әуе кемесі түнге дейін бөгеледі

819

Ақтаудан Анталияға ұшуға тиіс әуе кемесі түнге дейін бөгеледі

Ұшақтың бұзылуы салдарынан Ақтау әуежайында кідіріп қалған жолаушылар Анталияға кешкі сағат 23:00-де ұшып шығады. Бұл туралы рейске жауапты компания директоры Талғат Жолдыбаев айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Sunkar Air басшысының айтуынша, бүгін әуе көлігінің қосалқы бөлшегі ұшақ жөндеуші мамандарға жеткізіледі. Ал сапарына кешіккен  жолаушылар үшін қосымша борт бөлінеді.

"Жолаушылар кеше сағат таңғы 7-де ұшуға тиіс еді. Ұшақтың бұзылуы салдарынан оларды әуежайда тамақтандырып, үйлеріне жеткізіп салдық. Бүгін кешкісін қайта осында әкелеміз. Демалыс уақыты қысқармайды. Яғни олар Анталияда қосымша бір күн аялдап, Қазақстанға оралады", - дейді , Sunkar Air компаниясының директоры Талғат Жолдыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу