Ақтаудан Арысқа гуманитарлық жүк тиелген алғашқы пойыз жөнелтілді

838

5 тонна азық-түлік, киім-кешек пен дәрі-дәрмек екі күннен соң көмекке мұқтаж азаматтарға жетеді.

Ақтаудан Арысқа гуманитарлық жүк тиелген алғашқы пойыз жөнелтілді

Бұл жүктерді аймақ жастары жарылыстан зардап шеккен ағайынға қолұшын беру мақсатында ірі сауда нүктелерін, базарларды аралап, жинаған болатын. Ұзақ сақталатын тағамдар, аса қажетті дәрілер мен жаңа киімдер және көрпе-жастықты кәсіпкерлер тегін берген, деп хабарлайды 24.kz.

Гуманитарлық көмекті жастардан өзге, "Нұр Отан" партиясының бөлімшелері мен жекелеген ерікті азаматтар да арнайы нүкте ашып, жинап жатыр. Олар алдағы күндері еліміздің оңтүстігіне жіберіледі.

Жалпы, "Арыс, біз біргеміз" шарасына маңғыстаулықтар белсене қатысып жатыр. Мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, қоғамдық ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер қаржылай да көмек көрсетіп, жәрдемдесу есепшотына 40 миллион теңге аударды.

"Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созуға аймақ тұрғындары белсене атсалысуда. Әлеуметтік желілер мен ватсаптарда арнайы чаттар ашылып, белсенді жастар мен кәсіпкерлер қаражаттар жинауда. Арыс Маңғыстау облысына алыстау болғандықтан көбнесе заттай көмекке қарағанда қаржылай көмек көрсетіп жатырмыз",– деп "Nur Otan" партиясы филиалының  өкілі Динара Қаймолдина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу