Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылғы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады. Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады", – делінген хабарламада.
Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ 10-24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады.
Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді. Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.