"Air Astana әуекомпаниясы бүкіл ел аумағындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін хабарлайды", - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Ақтау әуежайына Астанадан, Ақтөбеден, Алматы, Баку мен Кутаисиден жолаушылардың келуі кешіктірілуде. Астана және Кутаиси қалаларына Ақтаудан ұшатын рейстер де кідірді. Айта кетейік, авиакомпания жолаушылардан сайттағы рейстер кестесін бақылауды сұрайды. Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда сайттағы онлайн-кеңесшілерге хабарласуға кеңес береді. Кешіккен рейстер Scat пен Fly Arystan компанияларына тиесілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу