Ақтаудан Ыстамбұлға әуе рейстері күзде қайта іске қосылады

226

FlyArystan Ақтау – Ыстамбұл бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін қайта іске қосады.  

Ақтаудан Ыстамбұлға әуе рейстері күзде қайта іске қосылады Фото: cntraveler.com

Алғашқы рейс Ақтаудан 22 қазанда орындалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

27 қазаннан бастап рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері қатынайды. 

Тұрақты кестеге сәйкес, сейсенбі күндері ұшақ Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Ыстамбұлға 10:35-те қонады.

Кері рейс Ыстамбұлдан 11:40-та ұшып, Ақтауға 17:05-те жетеді.

Сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты – 08:35.

Ұшақ Ыстамбұлға 10:30-да қонады. Кері рейс 11:15-те ұшып, Ақтауға 16:40-та келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу