1 маусым күні кешке қарай Ақтау тұрғындары қаладағы жағымсыз иіске шағымдана бастаған. Шаһар жұртшылығының шағымынан кейін экологтар жағымсыз иістің қайдан шыққанын анықтап, халыққа түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Департамент мамандары Ақтау қаласы, Басқұдық елдімекені мен өндірістік аумақтардың атмосфералық ауасына өлшем жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген мониторинг барысында Басқұдық елдімекенінде орналасқан "Мұхамбет" медицина орталығының жанында орналасқан қоқыстар контейнерлерінің өртену фактісін анықтады.
Өртену аумағының атмосфералық ауасына жүргізілген өлшем жұмыстары қортындысы бойынша күкірт суттегі көрсеткіші шекті рауалы концентрациясынан 0, 062 мг/м3 (ШРК-0,008) тыс асуы анықталды.
Сонымен қатар, жедел түрде төтенше жағдай департаментіне хабарланып, өрт сөндірілді.