Ақтаудың 7 мыңға жуық әскери қызметшісі дауыс берді

516

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс беріп үлгерді. 

Ақтаудың 7 мыңға жуық әскери қызметшісі дауыс берді Фото: Ақтау гарнизоны

"Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 390- теңіз жаяу бригадасында орналасқан № 61 жабық сайлау учаскесі ашылуы Мемлекеттік Әнұраннан басталды. Сап түзеген сарбаздар әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығындағы сайлау учаскесінде еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатыр. Соның бірі-бір ай бұрын әскерге Атырау облысынан шақырылған Исатай Қойшыбай.

“Бүгін біз- сарбаздар үшін ерекше күн. Себебі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаланып отырмын. Сайлау жоғары деңгейде өтіп жатыр”-, деді қатардағы жауынгер Исатай Қойшыбай.

“Өз Отанымның нағыз патриоты ретінде мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін, әр сарбаз өзіміздің таңдауымызды жасадық. Мәңгілік ел болайық”-, дейді қатардағы жауынгер Дінмұхамед Әзберген.

Ақтау гарнизонында орналасқан Әскери теңіз күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасы және Әуе қорғанысы күштерінің сарбаздары № 61 жабық сайлау учаскесінде өз дауыстарын берді.                

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу