Ақтаудың балабақшасында бір жасар бала қайтыс болды

1385

Қайғылы оқиға 6 желтоқсанда түскі уақытта болды.  

Ақтаудың балабақшасында бір жасар бала қайтыс болды

Ақтауда бір жасар бала жекеменшік балабақшалардың бірінде қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сәби 27-ші шағын ауданда орналасқан жекеменшік балабақшада бала күтушінің үйінде көз жұмды. Өлім себептері белгісіз, болжам бойынша, балада аллергия болған.

"Оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 1-бабы бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу