Ақтаудың бір шағынауданын қалыпқа келтіруге 300 миллион теңге қажет

841

Ақтаудың бір шағынауданын қалыпқа келтіруге 300 миллион теңге қажет

Ақтаудағы шағынаудандар ішіндегі көлік және жаяу жүргінші жолдарының сапасы сын көтермейді. Жолдағы шұңқырларды бітеуге жыл сайын қала қазынасынан қомақты қаржы бөлінеді. Алайда мұның барлығы уақытша амалдар. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

 "Мәселені түбегейлі шешу үшін шағынаудан ішіндегі көне асфальт жабындысын алып, қапталдар мен жаяу жүргінші жолдарын толық жаңалау қажет", – дейді осы салаға жауапты мамандар.

Олардың айтуынша, былтыр қаланың төменгі және жоғары бөлігінен төрт ықшам аудан таңдалып алынып, жұмсалар шығын көлемі де есептелген. Сонымен бір ғана шағын аудан ішін қалпына келтіруге шамамен 300 млн теңге керек. Жөндеу жұмыстары басталған жағдайда автотұрақтар санын көбейту басты назарға алынбақ.

Берік Ізғалиев,  "Бір шағынаудандағы аурухана қалашығы, алтыншы шағынаудан, 12 және 27 шағынаудандарды алып, соның ішкі автомобиль жолдарын, тротуарларын толық жөндеуге сметалық есепті жасадық, құжатымыз дайын болсын деп. Және де салған кезде барлық шағынауданда байқалатын көрініс – автотұрақтардың жетіспеушілігі.  Басқа жер болмағандықтан, автомобильдерді азаматтар үй жанына ағаштар арасына қояды. Бюджетке осы ұсыныстарды береміз, қалалық бюджетте ондай ақша болып, бізге берген жағдайда ол жұмыстар жасалатын болады",- дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Берік Ізғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу