Ақтаудың бірнеше шағын ауданы жарықсыз қалды

411

Кешеден бері жарық бірнеше рет өшкен.

Ақтаудың бірнеше шағын ауданы жарықсыз қалды Фото: pixabay

Ақтаулықтар әлеуметтік желілерде жарықтың бірнеше рет өшіп қалғанын айтып шағымдануда.

Кеше апатты өшу орын алып, түнде оның себебі анықталғаннан кейін ғана жарық қосылған еді. Алайда тұрғындар бір сағаттан кейін тағы да жарықсыз қалды. Олардың айтуынша, түнде бірнеше рет ажыратылған.

Электр энергиясы таңда тағы да өшіп қалды. шаһардың 12,13,14,17 шағын аудандары мен орталық көшелердегі бағдаршамдар өшті. Жол сақшылары көліктердің қозғалысын өздері реттеуіне тура келді. Қазір жарықты қосу үшін жұмыс тобы еңбек етіп жатыр. Көппәтерлі үйлердегі су қысымын арттыратын сорғы орнатқан тұрғындар әрі сусыз, әрі жарықсыз қалғандарын айтады. Өйткені су сорғылары электр қуатымен жұмыс істейді.                                                                                                                                                                      

"Кешеден бері жарықпен қиындық туындады. Күннің 40 градус ыстығында салқындатқыш, мұздатқыш жасамай тұр. Оның үстіне электр қуатына қосылған көп қабатты үйлерге тіпті қиын. Ас-сусыз отырмыз. Мына жағдайды иезірек реттесе дейміз",- деп шағым айтты тұрғындар.                                                                                                                                                                             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу