Ақтаудың экс-әкіміне айыппұл салынды

374

Әкімдік монополияға қарсы ведомствоның талаптарымен келіспей, актіні орындаудан бас тартты.

Ақтаудың экс-әкіміне айыппұл салынды   Фото: Inbusiness.kz

"Ақтау электр желілері басқармасы " мекемесінің (АЭжБ) қолданыстағы заңнама нормаларын бұза отырып, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіргені анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Нарыққа электр энергиясын есепке алу аспаптарын жеткізгісі келетін "Вавиот Азия" ЖШС-не қатысты тауар нарығына кіруге кедергілер жасау фактілері анықталды.

"АЭжБ бюрократия жолымен негізсіз дәлелдерге сүйене отырып, тауарды нарықта сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Ақтау қаласының әкімдігі АЭжБ мемлекеттік кәсіпорнының құрылтайшысы. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның атына АЭжБ- ға ұйғарым мен хабарлама енгізілді", - деп хабарлады монополияға қарсы орган өкілдері.

Бірақ жергілікті әкімдік монополияға қарсы ведомствоның талаптарымен келіспей, актіні орындаудан бас тартты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыты бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және белсенді бәсекелестік саясатты енгізу болып саналатынын атап өткен жөн. Осыған байланысты Ақтау қаласының экс-әкімі Ербол Ізбергеновке қатысты ҚР ӘҚБтК 162-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау, ақпарат беру бойынша міндеттемелерді бұзу және үй - жайларға, аумаққа кіруге кедергілер жасау бойынша айыпталды", - деп хабарлады ведомстводан.

Ербол Ізбергенов монополияға қарсы органның дәлелдерімен келіспей, Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жүгінді. Соттың ұйғарымымен шағым қабылданбады.

Монополияға қарсы органның қаулысы орындалмағандықтан мемлекет кірісіне салынған айыппұлды өндіріп алу бойынша мәжбүрлеу шаралары қабылданды.

Бүгінде нұсқаманың талаптары орындалып, әкімшілік айыппұл өндірілді.                                                                                               

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу