banner

Ақтаудың жанындағы тұрғын үй массивтері орталық кәрізге қосылады

524

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Өмірзақ ауылының тұрғындарымен кездесті.  

Ақтаудың жанындағы тұрғын үй массивтері орталық кәрізге қосылады Фото: gov.kz

Ауыл тұрғындары әлеуметтік, тұрғын үй, коммуналдық және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өмірзақ ауылында жеті мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауыл төрт елді мекенге бөлінген: Өмірзақ, Приморский, Рауан және Приозерный.

Өмірзақ ауылын дамытуда тұрғындарды орталықтандырылған коммуникациямен қамтамасыз ету мәселесі маңызды.

Өмірзақтағы төрт тұрғын массиві орталықтандырылған коммуникациялармен, оның ішінде су бұру (кәріз) жүйесін қоспағанда, сумен, газбен, электрмен жабдықталған. Тек Приморский тұрғын массиві орталықтандырылған кәріз желілерімен қамтамасыз етілген.

Өмірзақ ауылының су бұру желілерін магистральдық желіге қосу үшін жоба әзірленді. Қазір келісу сатысында тұр. Мақұлдау рәсімі мен сараптамадан өткеннен кейін жоба орындалады. Осылайша, Өмірзақ ауылындағы барлық үй орталық кәріз жүйесіне қосылады.

Маңғыстау облысының әкімі автобус паркін жаңарту қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту бағдарламасы арқылы іске асып, отандық автобустармен толығатынын атап өтті.

"Біз автобус паркін жаңартуды бастадық. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады. 2023 жылдың соңына дейін "Каспий" ӘКК қолдауымен қалалық және аудандық бағыттар үшін 120 ыңғайлы автобус сатып алынады. Бұл жолаушылар тасымалының жағдайын жақсартуға септігін тигізетініне сенімдімін. Жаңа автобустар бейнебақылау, мультимедиялық панель, жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған қондырғылармен жабдықталады. Сонымен қатар жол апатын болдырмау үшін жүргізушіге көмектесетін интеллектуалды жүйе бар. Жолаушылардың қауіпсіздігі - бірінші орында", - деді Нұрлан Ноғаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу