Ақтауға алғашқы қоқиқаз келді

1388

Каспийге жыл құстары орала бастады.

Ақтауға алғашқы қоқиқаз келді

Ақпан айының алғашқы аптасынан бері Каспий жағалауына мыңдаған жыл құсы оралған. Олардың ішінде Каспий мен Теңіздің жағалауында ұя басу үшін  келген қоқиқаздар да бар. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қоқиқаздар Қазақстанның бірнеше бөлігінде ғана ұя басады. Олар Каспидің солтүстік-шығыс бұрышын, Шалқармен іргелес жатқан Жаман Ақкөл, Жыланшы, Ащытастыкөл сияқты тұзды көлдер мен Теңіздің жағасын мекендеуге келіп жатыр. Ел аумағында жаз сайын шамамен 50-100 мың қоқиқаз мекендейді", – деп жазды Сәкен Ділдахмет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу