Ақтауға аптасына жеті рет туристік рейстер қатынайды

588

Ақтау - еліміз бойынша шетелдік жиһанкездер мен саяхаттаушылар арасында ең танымал туристік бағытқа айналып келеді.

Ақтауға аптасына жеті рет туристік рейстер қатынайды

Жазда  Ақтауға арнайы туристік бағыттағы чартерлік рейстер қатынай бастады. Бұл өңір тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ақтау мен шет елдер арасындағы тұрақты рейстер саны да артты. 

Каспий теңізі жағалауындағы демалыс  орындары мен  курорттық кешендер туристер тарапынан жоғары сұранысқа ие. Әдетте көпшілік қонақүйлік-жағажайлық демалысты "all inclusive" жүйесі  үшін таңдайды.  Сондай-ақ, шетелдік туристерді қызмет көрсету деңгейі сапалы әрі жоғары  қонақ үйлер, демалыс аймақтары, аквапарктер мен ойын-сауық орталықтары қызықтырары сөзсіз.

Қазірдің өзінде Ақтау халықаралық әуежайы чартерлік рейстерді аптасына жеті ретке дейін арттыру туралы келіссөздерді бастады.

Шетелдіктерді негізінен Каспий теңізі, Бозжыра шатқалы, Тамшалы, Саура, Бекет ата, Шопан ата жер асты мешіттері қызықтарады.

Биылғы жазғы маусымда Ақтау шаһары туристердің үлкен легін қабылдауға дайын. Бұл қадам өңірде туризмнің өрістеуіне, қызмет  көрсету саласының  сапасын арттыруға септесері сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу