Ақтауға Ираннан алғашқы чартерлік рейс келді

812

Ақтауға Тегераннан 130 жолаушысы бар алғашқы чартерлік рейс қонды inbusiness.kz сайты.

Ақтауға Ираннан алғашқы чартерлік рейс келді Фото: inbusiness.kz

Ақтау халықаралық әуежайы "Iran Airtour" әуе компаниясының ұшағы жолаушыларын қазақтың ұлттық тағамы бауырсақпен қарсы алды. 

Наурыз мейрамы қарсаңында өңірге табан тіреген шетелдік қонақтар оң әсерімен бөлісті. 

"2022 жылы Иран, Қытай және Үндістан үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілді. Аталған елдердің азаматтарына еліміздің аумағында 14 күнге дейін  емін-еркін жүріп-тұруға мүмкіндік берілген. Визасыз режим бойынша Қазақстанда жүріп-тұрған жалпы уақыт әрбір 180 күн кезең ішінде күнтізбелік 42 күннен аспауға тиіс", - деді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев. 

Туристер 7 күн бойы Ақтау қаласындағы Каспий теңізінің жағасында орналасқан қонақ үй кешенінде демалады. Оларға Маңғыстау облысының тарихи-мәдени ескерткіштері мен көрікті жерлерін тамашалау, туристік нысандарға саяхаттау ұсынылған.​ 

Биыл жергілікті туроператорлар туристерге Маңғыстау облысы бойынша 176 туристік маршрут ұсынады.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу