Ақтауға Ираннан алғашқы чартерлік рейс ұшады

570

Иранның Тегеран қаласынан Ақтауға алғашқы чартерлік рейс 19 наурызда ұшады деп жоспарланған. Ал 25 наурызда ирандық туристерімен екінші рейс келуі тиіс. 

Ақтауға Ираннан алғашқы чартерлік рейс ұшады Фото: тумба кз

Бұл 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапары барысында қос тараптың қарым-қатынастарын дамытуға жасаған келісімінің нәтижесі. 

Өткен жылы Иран Ислам Республикасының, Қытай Халық Республикасының және Үндістан Республикасының азаматтары үшін Қазақстанға визасыз кіру режимі енгізілді. Бұл жеңілдік аталған елдердің азаматтарына ел аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді. Әр кезең ішінде 180 күнтізбелік күннің 42 күнтізбелік күнге дейін болуға мүмкіндік бермек.

Мұның бәрі қолайлы инвестициялық ахуал жасауға, іскерлік байланыстарды жандандыруға және еліміздің туристік әлеуетін одан әрі іске асыруға ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу