Желі қолданушылары қоқиқаздар қыстауға әдеттегіден ертерек келген деп болжады. Эколог, Қазақстаннан Орталық Азияның Рамсар өңірлік бастамасының қоғаммен байланыс жөніндегі ресми өкілі Әділбек Қозыбақов қоқиқаздар жыл бойы өңірге әр уақытта ұшып келетіндігін түсіндірді. Ол қоқиқаздар аймаққа жыл бойы келетінін айтты.
"Олар жыл бойы бізге әр түрлі уақытта келеді. Мені ойландыратын басқа мәселе. Қоқиқаздарды бейнетаспаға түсіру үшін, олардың тіршілік ету ортасын бұзып, құстарды үркітіп, өмір сүруіне кедергі жасайтын дрондардың көбеюі. Видео түсіруге әуестік пен танымалдылыққа ерекше ұмтылыс бағалы құстарға қиындық туғызуда. Қоқиқаздар біздің аймақ арқылы ұшу кезінде жаңа демалыс орындарын іздей бастады: олар аралдарда, қамыстарда жасырынады. Бәрі осы дрон аппараттарының ұшуына байланысты. Квадракоптермен түсіру әрқашан құстарға қорқыныш ұялатады. Бір жыл бұрын бірнеше қоқиқаздың өлімі тіркелді. Құстар шаршап өлуі мүмкін. Оған пилотсыз ұшырылатын техникалардан жаппай қашып, зорығу әсер етуі мүмкін", - деді Әділбек Қозыбақов.
Биолог мұндай түсірілімдерді мемлекеттік органдар тоқтатуы керек екенін атап өтті. Оның пікірінше, қазіргі уақытта тиісті органдардың шара қолдануға зауқы жоқ.
"Видео түсіріліммен айналысқан блогерге екі рет айыппұл салды және олардың жауапкершілігі осымен аяқталды. Күдікті заңбұзушылықты бірнеше рет қайталады. Қайта заң бұзғаны үшін жаза күшейтілмей ме? Яғни, дроны бар кез-келген адам айыппұлмен құтылып,"Қызыл кітапқа" енген құстардың тыныштықтығын бұзып жүре бере ме? ", - деп атап өтті Әділбек Қозыбақов.