Ақтауға Ресейден чартерлік рейспен алғашқы туристер келді

1183

Туристер 197 туристік бағыт бойынша түбектің тұмса табиғатын тамашалайды.  

Ақтауға Ресейден чартерлік рейспен алғашқы туристер келді Фото: inbusiness.kz

Ақтау халықаралық әуежайына Ресейден 100-ден астам жолаушы ұшып келді,  деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ақтау іргесіндегі "Rixos Water World Aktau" қонақ үйі мен ресейлік "Anex tour" туроператоры келісім жасап, 2 жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Келісім аясында бүгін Ақтауға Екатеринбург қаласынан саяхатшылар сапарлап келді.

Туристер 197 туристік бағыт бойынша түбектің тұмса табиғатын тамашалайды. 

“Біз Қазақстан туризмін дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта мұндай чартерлік рейстер қайталанатын болады”, - деді туроператордың өкілі Кан Челик.

Ал саяхатшы Марина Есенецкая бұл сапардан есте қаларлық сәттерді күтетінін айтады.

“Бұл менің Ақтауға алғаш рет келуім. Жолда 2 сағат ұшып келдік. Барлығы керемет. Бір апта демалысты жоспарладық. Алдағы күндері ауа-райы жылы болады. Табиғатты тамашалаудан керемет әсер аламын деп ойлаймын”, - дейді турист.

Айта кетейік, таяуда Ираннан  чартерлік рейспен туристердің алғашқы легі өңірге саяхаттап кетті. Алдағы уақытта  чартерлік рейспен Ақтауға қатынайтын  туристердің  қатары көбеймек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу