Ақтауда негізсіз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды

436

6 азаматқа тиесілі 11 жер учаскесі сотпен мемлекетке қайтарылды.

Ақтауда негізсіз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды Фото: inbusiness.kz

Өңірлік сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес, жер қатынастары саласына қатысты жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және сыртқы талдау жүргізілді.

Нәтижесінде Ақтау қаласының Бас жоспарын бұзу, теңіз жағалауындағы туризмді дамытуға арналған 21 жер телімін, "кеңейту" арқылы негізсіз берілгені анықталды.

Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментіне енгізілген ұсынымға сәйкес, жалпы көлемі 43 га жер телімін мемлекетке қайтару мәселесі бойынша сотқа талап арыз берілді.

Жер телімінің нарықтағы құны шамамен 1 млрд теңгеден асады. 6 азаматқа тиесілі 11 жер учаскесі сотпен мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, қалғандары бойынша іс сотта қаралуда.

Мысалы, Ақтау қаласы Шығыс-3 шағын ауданының Бас жоспарына сәйкес, автожолға арналған 13 соток жер телімін жеке тұлғаға негізсіз беру дерегін айтуға болады.

Ортақ пайдаланудағы кадастрлық құны 4,5 млн теңгені құрайтын шағын аудан ішіндегі екі бас автокөлік жолдарын қосуға арналған жер телімі қала әкімдігімен 2021 жылы жеке тұлғаға берілген.

Алайда, ҚР Жер кодексінің 26-бабы 3-тармағына сәйкес - ортақ пайдаланудағы жолдар кәсіпкерлерге берілуге жатпайды.

Жеке тұлға - жер телімін 55 млн теңгеге сатуға шығарған. Енгізілген ұсынымға сәйкес, облыстық жер ресурстары департаменті сату процесін тоқтатып, жерді мемлекетке қайтару туралы сотқа талап арыз берді.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен, қала әкімдігінің жеке тұлғаға жер телімін беру туралы келісімшарты жарамсыз деп танылды. Нәтижесінде жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу