Ақтаулық азамат төрт түліктің жүнін кәдеге жаратып, кәсіп ашты

764

Ақтаулық Олжас Көшкінбаев мал шаруашылықтарында қоқысқа кетіп жатқан жүнді кәдеге асыруға бел буды.

Ақтаулық азамат төрт түліктің жүнін кәдеге жаратып, кәсіп ашты

Үш жыл бұрын қой мен түйе жүнінен бұйымдар жасайтын кәсібін ашқан. Бүгінде оның дайындаған ұлттық нақыштағы көрпелері мен шәркейлері халық арасында үлкен сұранысқа ие.

Төрт-түліктің жүні қазақ халқының тіршілігінде үлкен рөл атқарады. Себебі, халқымыз мал шаруашылығымен айналысқаннан кейін жүннен түрлі денсаулыққа пайдалы, экологиялы таза бұйымдар жасап шығаруға болатынын білген. Олжас Көшкінбаев - осы жоғалып бара жатқан дәстүрді жалғастырып, құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосып жүр. Оның айтуынша, бұл істі бастауға ысырапшылдыққа жол бермей, салт-дәстүрді жаңғырту идеясы себеп болған.

"Бұл идея бізге отбасымызбен жиналып отырғанда келді. Ысырапшылдықты көріп, бұл дұрыс емес екенін талқылап отырғанбыз. Сөйтіп қой жүнін өңдеп, киіз шәркей тігуді бастап кеттік. Мақсат - қолда бар нәрсенің қадірін біліп, таза экологиялық отандық өнім дайындау болды", -  дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер бұл істі 27 жасында бастаған. Негізгі мамандығы - эколог, осы салада инженер болып қызмет етеді. Ал кәсібін осы негізгі жұмысымен қатар алып жүр.

Жас іскер мақсатын жүзеге асыру үшін мемлекеттен грант алған.

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы 5 млн. көлемінде грантқа ие болдық. Қазіргі уақытта сол қаражатқа жүн жуатын және компьютерлік тігін машина сатып алдық. Қазір біз жас отауға арналған көрпелер дайындап жатырмыз. Бұдан басқа киізден, қойдың жүнінен үйге киетін шәркей дайындаймыз. Оның денсаулыққа пайдасы зор, терлетпейді, иіссіз, таза, табиғи өнім", -  дейді жас кәсіпкер Олжас Көшкінбаев.

Тасым Жаңай

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу